Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

17.02.2022 16:45

1991 жылдан бастап елге оралған этникалық қазақ саны 1 миллион 89,7 мың адамға жетті

inform.kz

Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 1 820 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Осылайша 1991 жылдан бері республикаға оралған этникалық қазақ саны 1 миллион 89,7 мың адамға жетті.

Биыл қандастар қандай елдерден келді:

Өзбекстаннан - 73,5%;

Қытайдан - 11,8%;

Түрікменстаннан - 3,7%;

Моңғолиядан - 3,1%;

Басқа келдерден - 8,1%.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (15,7%), Түркістан (14,0%) және Жамбыл (6,6%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,4%), Нур-Султан (7,4%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды.

1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ті және зейнеткерлер 15,8%-ті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 12%-і жоғары білімді, 39,8%-і орта кәсіби білімді, 47,1%-і жалпы орта білімді және 1,1%-інің білімі жоқ.

Айта кетері, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 17 540 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Теги: Қандастар