Елімізде 2%-дық ипотекаға өтінім қабылдау басталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бағдарламаға қатысуға өтінім 20 маусым мен 19 шілде аралығында қабылданады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Отбасы банк», «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 7kun.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдарламаға қатысуға өтінім 20 маусым мен 19 шілде (қоса алғанда) аралығында otbasybank.kz платформасында қабылданады. Ол үшін тұлға «Отбасы Банкінің» клиенті болу керек және аутентификация кодын алу үшін ұялы телефон қажет.

Банктің хабарлауынша, азаматтар несие алғысы келсе, жергілікті атқару органдарында кезекте тұруы керек. Екі пайыздық несиені толық емес отбасы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы және көпбалалалы отбасылар ала алады.

Ипотекаға үй рәсімдегісі келетін азаматтар үйдің бағасының 10 пайызын алдын-ала төлеуге міндетті. Несиені төлеу мерзімі – 18 жыл. Екі пайыздық несие бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларының тұрғындарына 15 миллион теңгеден бөлінсе, Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарына 10 миллион теңгеден бөлінеді.

Новости партнеров