Мамыр айында карта арқылы есеп айырысу сомасы 839,7 млрд теңгені құраған
Ел азаматтары қолма-қол төлем жасауды әдеттен шығарып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өйткені, бүгінде әрбір үшінші төлемнің екеуі интернет арқылы немесе ұялы телефонның арнайы қосымшасы арқылы жүзеге асады екен.
Биыл мамыр айында карта арқылы азаматтардың есеп айырысқан сомасы 839,7 млрд теңгені құраған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Ал, интернет пен мобильді қосымша арқылы жасалынған төлем сәуір айында 533,3 млрд тг теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға өскен.
Қолма-қолсыз төлем қарқыны
Үш төлемнің екеуі карта немесе интернет арқылы жүреді
Карта арқылы төлем – 839,7 млрд тг – 26,4% артқан
интернет пен мобильді қосымша – 533,3 млрд тг – 50,7%