Нұр-Сұлтанда ер адам өзін пышақтап тастамақ болды (ВИДЕО)

12.07.2019 16:45

Павлодар облысының 35 жастағы тұрғыны полицияның іздеуінде болған

Нұр-Сұлтан полициясы көшеде пышағын жалаңдатып жүрген 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары қаруланған жігітті 11 шілде күні сағат 19.00 кезінде Қажымұқан көшесінде ұстаған.

«Полиция қызметкерлерінің заңды талабына ол барынша қарсылық көрсетті. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын көріп, шалт қимылдаған полиция аға лейтенанты Абзал Жолмахов пышақпен қаруланған ер адамды ұстады», – делінген хабарламада.

Ұсталған жігітті «Алматы» ауданының полиция басқармасына апарыпты.

Белгілі болғандай, Павлодар облысының 35 жастағы тұрғынына қатысты Ақмола облысының Полиция департаменті бұдан бұрын жедел іздеу шараларын жүргізген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сотрудники столичной полиции обезвредили мужчину с ножом. Инцидент произошёл 11 июля по улице Кажымукана около 19.00ч. Во время патрулирования сотрудники Полка полиции г. Нур-Султан старший лейтенант полиции Абзал Жолмахов и лейтенант полиции Асан Команов заметили мужчину, который размахивая предметом похожим на нож, громко что-то говорил прохожим. Не теряя ни минуты, полицейские пытались его задержать. На законные требования полицейских, он оказал активное сопротивление.Оперативно реагируя на реальную угрозу безопасности граждан, старший лейтенант полиции Абзал Жолмахов, обезвредил вооружённого ножом мужчину. Задержанный доставлен в управление полиции района "Алматы" для дальнейшего разбирательства и привлечения его к ответственности. Как было установлено, в отношении 35-летнего жителя Павлодарской области сотрудниками Департамента полиции Акмолинской области проводились оперативно- розыскные мероприятия.

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)11 Июл 2019 в 10:29 PDT