|
09.12.2019 | 11:45
7778

Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасаған

Психикалық ауытқуы бар 49 жастағы ер адам ресми түрде медициналық есепте тұрады екен

Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасаған Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен

Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасады, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Мұндай ақпарат Instagram желісіндегі Тaldykorganec_ka парақшасында жарияланды.

Жазба авторының айтуынша, оқиға 6 желтоқсанда таңғы 7:00 шамасында қалаға қарасты Еркін ауылында болған. № 26 мектептің маңындағы аялдамада ер адам балтамен автобустың терезелерін шаққан. Автордың айтуынша, жүргізуші мен жолаушылар зардап шеккен жоқ.

Полиция мәліметінше, ер адам екі күннен соң ұсталған. Құқық қорғау органдарының мамандары тексеру барысында оқиғаның соңғы аялдамада болғанын анықтаған. Бірнеше адам осы оқиғаның куәгері болған.

«Суреттер мен ақпарат әлеуметтік желіде таралып кетті. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарды сабырға шақырып, аталған іске қатысты қылмыстық тергеу шаралары басталған. 8 желтоқсанда Талдықорған полицейлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол қалалық полицияға жеткізілді. Психикалық ауытқуы бар 49 жастағы ер адам ресми түрде медициналық есепте тұрады екен. Куәгерлер де оны таныды. Балта да табылып, тәркіленді», - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, ер адамның әрекеті қылмысқа жататын болғандықтан, ол өңірлік психоневрологиялық диспансерге жатқызылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир