Жуырда киіну стилін өзгертіп, орамал таға бастаған белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz -ке сілтеме жасап.
-Қымбатты ағайын, қайырлы таң! Менде апта араб тілі сабағынан басталып жатыр. Нұр-Мүбәрак университетіне келіп отырған жайым бар. Зуль-Хиджа айы кіріп жатыр. Бұл ай тек игі амалдарға, ғибадатқа толы болсын. Жаңа апталарыңыз жаңа жеңіске, қуанышқа толы болсын, – деді Жолдыбаева желідегі парақшасында.
Instagram-да 2,9 млн жазылушысы бар Кәмшат Жолдыбаева хиджабқа толық көшпегенімен, бұрынғыдай ашық-шашық киінуден түбегейлі бас тартып, ұзын етек көйлек киюді, басына орамал тартуды әдетке айналдырды.