1,2 млн теңге айыппұл: жол ережесін 32 рет бұзған жүргізуші ұсталды

 Бахыт Касымбеков
Бахыт Касымбеков
Қазіргі уақытта автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейде жол ережесін 32 рет бұзған жүргізуші анықталды, -деп хабарлайдыдеп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Айыппұл сомасы 1 225 750 теңге болады. 15 маусымда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде табылған. Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны мен әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Субару" маркалы автокөлігін тауып, оның жүргізушісі ҚР ЖҚЕ мен Заңын бірнеше рет бұзғанын анықтаған.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Семей полициясы жүргізушілерге еске салады: тағайындалған айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 893-бабына сәйкес есептелген сәттен бастап 30 тәуліктен кешіктірілмей төленуге тиіс.




Новости партнеров