|
29.07.2020 | 19:39
8615

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жаңарту жұмысы аяқталды

Күмбездің тарихи келбеті сақталып, желдеткіш қабаттары ретке келтірілді

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жаңарту жұмысы аяқталды baq.kz

Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жаңғырту жұмысы аяқталды. Бүгінге дейін құрылыс жұмыстарына байланысты тарихи нысан үш жылдан бері жабық тұрған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күмбездің тарихи келбеті сақталған. Желдеткіш қабаттары ретке келтірілді. Келешекте бұл маңда туристер демалатын, қалың бау-бақшалы селфи-аймақ жасалады. Қазір күмбез етегіндегі сегіз қырмен қосылған жерінде гидрооқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын.

Күлтөбе қалашығы, Хан ордасы мен мешіті орналасқан магистралды археологиялық қазба жұмыстары көпке таныс. Кесене айналасындағы сол жәдігерлер жаңартылып, аумақ түгелдей көгалдандырылады. Қазақ үшін ең құнды Ахмет Яссауи кесенесінің көк күмбезіне дейін әрленеді. Құрылыс 4 секторға бөлінген. Қазір Қашқар картасы деп аталатын аймақта құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған.  

«Қазір мына тұрған обьектіміз Қашқари картасы деп аталады. Тарихи танымдық локация болып белгіленіп отыр. Бұл жерде Қашқари картасына сәйкес, Орталық Азия аумағының және Жібек жолы бойында орналасқан тарихи мәдени орталықтардың дамуы және олардан байланыс жолдары осы картада айшықталып көрсетілген», – деді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов.

Қожа Ахмет Яссауи кесенің маңын қалыпқа келтіру үшін жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ өңірдегі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындар да қайта жаңғыртылуда. Мамандар құрылысқа зертханада дайындалған сапалы кірпіштер пайдаланылғанын айтады.

«Кесенені алсақ, мынандай жай кірпіштер емес, арнайы өздері қолмен жасайтын орнаменттермен жасап, құрылысына күнделікті қолданылатын цемент емес, өздері зертханадан жасап шығатын раствор қолданылады. Бұл өте күрделі және қомақты жұмыс», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры Күміс Сейітова.

Бұдан бөлек, Бекзат Саттарханов даңғылы аумағында этноауыл салынады. Тарихи нысанның «Тақия қақпасы» маңында қазба жұмыстары жүргізіліп, табылған жәдігерлер туристер көз қуанышына айналмақ. Айта кетейік, Рухани мәдени кешенді қалпына келтіру жұмыстары тікелей ЮНЕСКО-ның бақылауында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир