|
23.07.2019 | 11:46
4137

Министр қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттігін айтты

Сертификат арқылы балалар үшін зиянды контентті шектеуге болады

Министр қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттігін айтты steampeak.com

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ұялы телефонға қауіпсіздік сертификатын орнатпағанын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, қауіпсіздік сертификатын орнату – әр адамның өз еркі. Бірақ соның арқасында балалар үшін зиянды контентті шектеуге болады. Бұдан бөлек, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

«Сан алуан шабуылдар бар. Вирустар бар. Ол жағынан сертификат көмектеседі. Адамның жеке мәліметтерін алуға мүмкіндік жоқ. Конституцияда бәрі жазылған. Сосын шұғыл іздестіру шаралары туралы заңнама бар. Бұл заң барлық мәселені реттейді. Адамның жеке мәліметтерін пайдалану заңмен қудаланады»,   деді Жұмағалиев журналистерге берген сұхбатында.

Алайда министр қауіпсіздік сертификаты неге жеке тұлғаның атына тіркелгенін түсіндіре алмады.

«Менде мұндай мәлімет жоқ. Сіз осы сайттың иесінен сұрағаныңыз жөн. Менің білуімше, жеке тұлғаның атында емес. Мемлекеттік техникалық қызмет бар емес пе, сұрап көріңіз, жауабын береді», - деді министр.

Журналистер «Неге сол сайтқа кіріп, қауіпсіздік сертификатын орнатып алмайсыз?» деп сұрағанда, министр SMS-ті күтіп отырғанын айтты.

«Маған ондай SMS келмеді. Келсе, орнатып аламын. Қазір хабарлама таратылып жатыр. Келгесін, өзіме жүктеп аламын»,  дейді Жұмағалиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир