|
20.09.2019 | 18:21
18527

«Өзіне қол жұмсауға итермеледі»: Павлодарда полиция қызметкері асылып өлді

Марқұмның денесі көпқабатты үйлердің бірінің маңындағы гараждан табылған

«Өзіне қол жұмсауға итермеледі»: Павлодарда полиция қызметкері асылып өлді


Павлодарда полицей асылып қалған күйі табылды. Өңірдің Павлодар аудандық полиция бөлімі басшысының 34 жастағы орынбасары Руслан Оспановтың мәйіті көпқабатты үйлердің бірінің гаражынан табылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды дейді департамент өкілдері. 

Ал, әріптестері марқұмның ешқандай оғаш мінезін көрмегендерін айтады.

«Қызмет бабында ол өте жақсы жұмыс істеді.  Оны біздің полицейлердің бәрі біледі. Мен де жақсы білемін. Өзі де қызметке адал болатын. Ешқандай қиындық көрмейтін. Әрқашан күлімдеп, ойнап, қызметті жақсы атқаратын», – дейді Павлодар облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат ҚАЙЫРОВ.

Полиция майоры Руслан Оспанов құқық қорғау органдарында 12 жыл жұмыс істеген. Артында жүкті әйелі мен баласы қалды. Биыл желтоқсанда тәртіп сақшысы 35-ке келер еді. Марқұм ертең жер қойнына тапсырылады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир