Төтенше жағдайға байланысты тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр

14.08.2019 16:47

«Тау самалы» мен «Қарағайлы» ықшамаудандарына апаратын жол уақытша жабылды

Төтенше жағдайға байланысты тұрғындар Жандосов - Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы ескі әкімдік ғимаратына, Шаймерденов көшесіндегі № 175 және Жандосов - Яссауи қиылысындағы №158 мектептерге эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Сонымен қатар, адамдардың қауіпсіздігі үшін полицейлер «Тау самалы» мен «Қарағайлы» ықшамаудандарына апаратын жолды уақытша жауып тастаған. Қазір Нәжімеденов көшесімен Чапай мен Қарағайлыға қарай жүруге тыйым салынған.