«Қарағанды-Астана» электр пойызы Бурабайға дейін жүретін болды. Ол 14 маусымнан бастап аптасына 5 рет қатынайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Осылайша, астаналықтар бас қаладан Бурабайға бұрынғыдай 4 сағатта емес, 2,5 сағатта жете алады. Пойыз Қарағандыдан № 7553/7556 нөмірімен шығып, Астанаға жеткеннен кейін № 6811/6812-ге ауысады.
- «Қарағанды-Астана-Бурабай» электр пойызы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді. Бұдан бөлек, № 7507/7508 «Астана-Көкшетау» электр пойызының маршруты Саумалкөл станциясына дейін ұзартылады. Енді бұл пойыз аптасына 3 рет — жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді», — дейді «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері.
Билет құны — 2 271 — 2 943 теңге.
Оны теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассасынан алуға болады.
Оқи отырыңыз: Павлодарда полицейлер есірткіге мас күйінде автобус айдаған жүргізушіні ұстады