Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

kaz.zakon.kz
kaz.zakon.kz
Жәкішев сот залында болмады, ол түрмеден видеобайланысқа шықты.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейде бүгін "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылған. Жәкішев сот залында болмады, ол түрмеден видеобайланысқа шықты. Колония өкілі сотталушыны жағымды жағынан сипаттап, үлгілі мінез-құлқы үшін жеті рет сыйақы алғанын айтты.

13 ақпанда Жәкішев тағы бір рет мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бергені белгілі болды. Таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та оның ісі туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы өз сұхбатында Жәкішев ісіндегі сот шешімі әділ болады деп санайтынын айтқан еді.

Айта кетейік, Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Новости партнеров