Алматылық келіншек 59 миллион теңге тұратын көлік ұтып алды

aikyn.kz
aikyn.kz
Ойынға 700 мыңнан астам адам қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейлік блогер Гусейн Гасанов Instagram парақшасында өткізген ұтыс ойынында Алматы тұрғыны жеңімпаз атанып, 59 миллион теңге тұратын Lamborghini көлігін ұтып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Блогердің жазуынша, ұтысқа қатысу үшін оның Instagram-дағы жазбасына лүпіл басып, оның соңғы жариялаған жазбасын өз парақшасында бөлісуі тиіс.

Осы мүмкіндікті қалт жібермей, жеңімпаз атануға 700 мыңнан астам адам бағын сынап көрген.

Мыңдаған оқырманның ішіннен алматылық Әйгерім жеңімпаз атанып, Lamborghini маркалы көлік ұтып алды.

«Сіз Instagram тарихында ең бағалы сыйлықты ұтып алдыңыз», – деп жүрекжарды лебізін білдірді блогер Гусейн Гасанов.

Гусейн Гасановтың айтуынша, Lamborghini көлігінің құны 10 миллион рубль (59 миллион теңге – ред.) тұрады.

Ал жеңімпаз алматылық Әйгерім «Аллаға шүкір! Ұтыс ойындарына қатысып жүрсем де, тұңғыш рет жеңімпаз атандым. Жеңімпаз болғаныма сене алар емеспін. Армандар орындалады!» – деп қуанышын жеткізді.

Новости партнеров