Қазақстанда барлауға арналған лицензияларды арнайы топ тексереді

05.11.2022 16:51

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстандағы барлауға арналған лицензияларды арнайы топ тексереді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

"Онда қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселесі қаралды. Бұл шешімдердің заңдылығын талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады", - делінген хабарламада.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, "Самұрық-Қазына" қорының басшылары қатысты.