Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 41,9% кеміді

photo: gov.kz
photo: gov.kz
Қазақстандықтар көп пәтерлі үйдегі баспананы көбірек алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 41,9% кеміді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 500 мәміле тіркелген. Бұл көрсеткіш сәуір айымен (52 520) салыстырғанда 41,9% кеміген. Сатып алу белсенділігі Алматы қаласы (4 395 шарт) мен Қарағанды облысында (4 055 шарт) жоғары. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы (630 шарт).

Қазақстандықтар көп пәтерлі үйдегі баспананы көбірек алады. Мамыр айында осыған байланысты барлығы 21 078 мәміле болған. Көп пәтерлі үйдегі бөлме саны тұрғысынан 2-бөлмелі пәтер әлі де сұранысқа ие. Мамырда 8 мың 2-бөлмелі пәтер рәсімделсе, 1-бөлмелі одан бір мыңға аз. Жеке үйлер бойынша 9 422 мәміле рәсімделген. Жеке үйді Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек алған.

2022 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 36,9% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәміленің өткен жылғы мамырмен салыстырғандағы ең көп төмендеуі Маңғыстау облысында тіркелген (64,6%).

Новости партнеров