Блогер Zheka Fatbelly жұбайына 2000 дана раушан гүлін сыйлады (видео)

17.08.2023 16:53

Бұл сәтті Instagram парақшасында жариялады

Instagram.com

Көпшілікке Zheka лақап есімімен танымал блогер Жеңіс Омаров жақында сүйіктісімен мұсылманша некесін қидырған болатын. Блогер жұбайына 2000 дана раушан гүлін сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

"Менің өмірімдегі ең маңызды адам - анам. Оны сіздер де білесіздер. Анама 5000 дана раушан гүлін сыйладым. Аналардың құрметіне мурал салдым. Осылайша махаббатымды дәлелдегім келді. Қазір өмірімде екінші маңызды әйел пайда болды. Ол - мен үшін сүйікті жан, болашақ балаларымның анасы. Біз некемізді қидырдық, бірақ той жасамадық. Өйткені, барлығы жылдам өтіп жатыр. Бәрін қабылдап, түсініп үлгермей жатырмыз. Бүгін сүйіктімді ерекше қуантып, махаббатымды көрсетемін деп шештім", - деді блогер видеода.

Сондай-ақ видеодан блогердің сүйіктісінің тосынсыйға таңғалғанын көруге болады. Сонымен қатар Zheka Fatbelly ер азаматтарды сүйіктісіне жиі қуаныш сыйлауға шақырды. 

"Бұл видеоны ғашықтар ескерсе екен деймін. Сыйластық пен махаббатыңыз азаймасын. Ер азаматтар, әйелдеріңізге гүл сыйлаңыздар. Олар қуанса, біз содан қуат аламыз. Ал құрметті әйелдер қауымы, сіздер ер азаматтың осындай сыйлық жасауына себепкер болып, бізді шабыттандырудан шаршамаңыздар", - деді блогер Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, блогер Zheka Fatbelly жақында мұсылманша некесін қидырған болатын.