Қарағанды облысында шахта өртеніп жатыр

17.08.2023 17:46

Шахтадада 227 адам болған

ашық дереккөзден

Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасы өртеніп жатыр. Бұл туралы «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«17 тамызда сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Аварияны жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен 5 техникасы) және Төтенше жағдайлар департаментінің (8 маманы мен 2 техникасы) 3 бөлімшесі барды.

Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылып жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен 3 техникасы) және ТЖМ-ның (8 маманы мен 2 техникасы) қосымша күштері бара жатыр», - деп атап өтеді компаниядан.

Қосымша ақпарат сәл кейінірек берілетін айтылып отыр.