Павлодар облысында 100-ден астам сеніп қалған азамат қаржы пирамидасының қызметіне тартылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысында бір жылдан кем уақыт бұрын құрылған қаржылық пирамида белгілері бар «Лидер Капитал 168» МҚҰ ЖШС-нің қызметінің жолын кесті. Аз уақыт ішінде ұйымдастырушылар 100-ден астам сеніп қалған азаматты салым сомасының 10%-ы көлемінде ай сайынғы кіріс алу шартымен қызметіне тартып үлгірген. Қазіргі уақытта алаяқтық схемаға тартылған басқа азаматтар анықталуда. Қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.
«Құрметті азаматтар! ҚР Ұлттық Банкінің түсінік беруіне сәйкес, Қазақстан аумағында тұрғындардан ақша тартумен уәкілетті орган берген лицензия негізінде екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық пошта операторлары ғана айналыса алады.ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі күмәнді компанияларға қаражатты салудан бас тартуға шақырады»,– делінген агенттік хабарламасында.