Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Онда қоғамдық көліктің артқы бөлігі отқа оранғаны анық көрінеді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Астана ЛРТ» компаниясының баспасөз қызметі жолаушылар автобусы рейске шығар алдында тыңғылықты тексерістен өтетінін айтты. Ал, қызыл жалынның неден тұтанғанын анықтап жатырмыз, дейді.
«Иә, бүгін, таңертең №12 автобус өртенді. Жүргізушінің сөзінше, қозғалтқыштан алдымен қатты дыбыс шыққан. Содан кейін жалын пайда болған. Ол өз күшімен оны өрт сөндіру құралымен сөндіруге тырысқан. Алайда тілсіз жау бағынбағандықтан, өртке қарсы қызметті шақырған. Оқиға орнына арнайы зерттеу тобы жетті. Олар оттың неден тұтанғанын анықтайтын болады», – деді «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі Науат АЗАНБАЕВА.