|
13.06.2023 | 11:54
417

Абай облысындағы алапат өрттің қарқыны әлі басылар емес

Өртпен 1,8 мыңнан астам адам арпалысып жатыр

Абай облысындағы алапат өрттің қарқыны әлі басылар емес 24.kz

Абай облысында өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабардайды Almaty.tv тілшісі. Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.

Пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, аэровизуалды барлау нәтижелері бойынша өрт Каштак орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып,  жоғары өрбігені байқалады. Жедел іс-қимылдар мен уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына жол берілген жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сонымен қатар, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін тікұшақтар тартылған. Өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546  рет су төгілді, жалпы көлемі 1 500-ден астам тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 323 рет су төгілді, жалпы көлемі 4000-ға жуық тоннаны құрайды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир