Ақтау-Мұнайлы тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

10.09.2024 19:07

Үш адам өртеніп кетті

стоп кадр


Маңғыстауда Ақтау-Құрық тас жолында жантүршігерлік көлік апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

КамАЗ бен жол талғамайтын автокөлік соқтығысып, арты өртке ұласқан. Қайғылы оқиға Ақтаудан 39 шақырым жердегі Ақтау-Құрық тас жолында тіркелген. Мұнайлы ауданындағы тас жол үстінде қос көлік бетпе-бет соғысқан. Екі машина да өрт сөндірушілер жеткенше, күл талқаны шығып жанып кеткен. Өкініштісі, жеңіл көлік ішінен үш адамның денесі табылды. Оның екеуі – ересек кісі, біреуі – бала. Полицейлер оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, жол апатына кімнің кінәлі болғанын анықтап жатыр.

– Ақтау-Мұнайлы тас жолының 39 шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда сақ және мұқият болуға шақырады. Сіздерден жылдамдықты асырмауды, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде өзге нәрселерге алаңдамауды сұраймыз, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Назым Қайрхан.

Оқи отырыңыз: Алматыда Құлжа тасжолында екі тәулікке көлік қозғалысы шектеледі