Марина Василевская «Союз МС-25» ғарыш кемесі экипажының құрамында жер орбитасына жеткен алғашқы Беларусь азаматы болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Ресейлік «Союз МС-25» ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына сәтті ұшырылды. Экипаж құрамында Марина Василевская бар, ол орбитада болған алғашқы Беларусь әйелі. Оның қасында NASA астронавты Трейси Колдуэлл-Дайсон және кеме командирі, ресейлік ғарышкер Олег Новицкий бар.
Василевская – «Белавиа» авиакомпаниясының 33 жастағы стюардессасы. 2022 жылдың желтоқсанында Беларусьта өткен конкурстық іріктеу барысында ол Ресейдің «Союз» кемесінде ғарышқа ұшуға қатысу үшін өтініш білдірген үш мыңнан астам қыздың ішінен таңдалды.
Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығында медициналық зерттеулер жүргізгеннен кейін ғарышқа ұшуға үміткер Анастасия Ленковамен бірге таңдалды. 2023 жылғы 29 мамырда «Союз МС-25» кемесінің және халықаралық ғарыш станциясына жіберілетін 21-ші экспедициясының негізгі экипажының ғарышкері ретінде тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Мәскеудегі қанды шабуыл: төрт күдікті екі айға қамауға алынды