Алматы көшелерімен ерекше кортеж жүріп өтті. Ол қала тұрғындарын таңғалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде жүк көліктерінің кортежі түсірілген видеолар тарады. Кадрлардан бірнеше жүк көлігі Сүйінбай даңғылы бойымен оңтүстік бағытта, Хмельницкий көшесімен қиылыс маңында келе жатқанын көруге болады. Жүк көліктерін Lexus бастап жүр, көліктің бәрі безендірілген.
Кейін бұл Түрксіб ауданындағы Станкевич көшесі бойында орналасқан №4 қалалық перзентхана екені белгілі болды. Медицина мекемесінің баспасөз қызметі бес жүк көлігінен тұратын кортежді алматылық тұрғын ұйымдастырғанын хабарлады. 27 наурызда оның үшінші баласы осы перзентханада дүниеге келген екен. Төрт күннен кейін ер адам әйелі мен баласын шығарып алуға келген.
"Күйеуім жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Мүндайды күтпедім: оны кортежбен келеді деп ойламадым, өте қуаныштымын. Бұл ұлымыз бен қызымыздан кейінгі үшінші баламыз, есімі - Айтөре. Ол салмағы 3900 грамм, бойы 55 сантиметр болып дүниеге келді. Балаларымның дүниеге келуіне көмектескен дәрігерлер мен акушерлерге алғыс айтамын", - дейді баланың ана Гүлмира Батырбай.
Перзентханадағылар ата-ана 29 және 30 жаста екенін қосты. Қызметкерлер бұрын да түрлі қызық болғанын, бірақ дәл осындай кортежді бірінші рет көргенін жасырмады.