Әнші Жазира Байырбекова Украинада ата-анасыз қалған балаларды асырап алмақ
matritca.kz
Әнші балаларды асырап алудың жолдарын білетін, көмек бере алатын адамдардан көмек сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Украинадағы ұрыс кезінде ата-анасынан айырылған балалардың видеосы әнші Жазира Байырбекованың жүрегін елжіретті. Өнер иесі ұлты мен дініне қарамастан, тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәбилерді асырап алғысы келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы әншінің өзі айтып берді.
"Украинада соғыстан ата-аналары қайтыс болған бүлдіршіндердің видеосын көрдім. Кіп-кішкентай бөпелер. Сол рас болса, бізге рұқсат етілсе, 2-3 бүлдіршінді ұлтына да, дініне де қарамай, отбасымызға қабылдап, аналық махаббатымды берер едім", - деп ағынан жарылды Байырбекова.
Әнші балаларды асырап алудың жолдарын білетін, көмек бере алатын адамдардан көмек сұрады.
Дереккөзі: Stan.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20