Алматыда қар тазалауға 597 техника жұмылдырылды

16.02.2020 16:54

16 ақпан күні Алматы қаласында түнгі сағат 03.00-де басталған жаңбырдың соңы қарға ұласты

almaty.gov.kz

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, жол қиылыстары мен жолайрықтарға тайғаққа қарсы материал себілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша тайғаққа қарсы 3073 тонна материал пайдаланылды. Сағат 05.00-ден бастап қар тазалайтын көліктерден колонналар ұйымдастырылды. Олардың кедергісіз жүруі үшін жол полициясының патрульдік машиналары көмекке келді.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік тұрақтарын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазалау жұмыстарына 597 бірлік техника мен 1668 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Қаланың жоғарғы бөлігінде қар 15 см-ге дейін, таулы аудандарда 25 см-ге дейін түсті.