Қазақстан Президентінің Германияға сапарының екінші күнінен видеошолу

16.02.2020 в 17:46

Мемлекет басшысы қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының панельдік сессиясында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жұмыс сапарының екінші күніне шағын видеошолу жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысы қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының панельдік сессиясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйледі.