Нұр-Сұлтанда газ тартылған соң жылу тарифі қымбаттайды

05.11.2019 16:54

Себебі, көмір Қарағанды мен Павлодар облыстарынан жеткізілсе, газ мыңдаған шақырымнан құбыр арқылы келеді екен

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатов айтты. Оның мәлімдеуінше, газбен қамту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асады. Сондай-ақ елордада көгілдір отын құны көмірден арзан болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның себебін жергілікті әкімдік жол шығынмен байланыстырып отыр. Себебі, көмір Қарағанды мен Павлодар облыстарынан жеткізілсе, газ мыңдаған шақырымнан құбыр арқылы келеді деді.

«Жылу тарифі айтарлықтай шарықтап кетпейді. Шаршы метріне алғанда аз ғана қымбаттайды. Бұл бір, екіншіден, біз көмірден бірден бас тартпаймыз. Оның бәрі шамамен бес жыл ішінде жүзеге асады. Сол себепті жылу бағасы бірден қымбаттап кетпейді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек ҚИЗАТОВ.