|
18.10.2019 | 11:55
2269

«Ағам мұнда өлу үшін келдім деді»: Сирияға 14 жасында кеткен жігіт шындықты жайып салды (видео)

Дайындық кезінде жатақханада тұрған, кейін отбасымен табысқанын айтады

Диас Амангелді 14 жасында Сирияға аттанып, ДИАШ құрамында төрт жыл өткізген. Биыл ол отбасымен бірге "Жусан-2" операция кезінде елге қайтарылды. Амангелді Сирияға баруы жайлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне айтып берген, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Диас Амангелді 2001 жылы 9 маусымда Түркістан облысы Қазығұрт ауданында туған. Ол өз отбасы мүшелерімен бірге 2015 жылы 31 тамызда Шымкент - Анталия әуе бағытымен Түркия арқылы Сирия аумағына өтіп, ДАИШ құрамына енген. Сонда "Мұхаммад қазахи" деген діни лақап ат алған.

"Үлкен ағам астанаға барған соң, радикалды ағымға түсіп келді. Сөйтіп, әкемді шақырған. Ол басында көнбей жүрді. "Ол дұрыс емес" деді. Сол кезде ағам сол жақтың адамдарымен сөйлестіріп, әкемді үгіттеп алды", - дейді Диас.  

Сөйтіп, олар Сирияға жеткізетін адамдарды іздей бастаған.  

"Zello деген қосымшада жаңалықтар арнасы бар. Сонда шекарадан өткізетін адамдар отырады. Сол жақтан Әзербайжан азаматымен байланысып, сол бізді Сирияға өткізіп беретін болды. Басында әкем мен үлкен ағам ғана барғысы келген. Бірақ бізге Сирияда да өмір бар екенін, біздің соғыстан алыс жақта, орталықта тұратынымызды айтты. Сөйтіп, бәріміз Сирияға баруға көндік. Үйде не болып жатқанын ешкімге айтпай, құпия сақтадық", - дейді ол.  

Амангелді Сирияға 14 жасымда кетіп қалған, сондықтан мектепті бітірмеген.

"Анам, әкем, бес бала, бір қыз болып кеттік. Түн ішінде Түркия мен Сирия шекарасынан өттік. Түн болғандықтан екі-үш адам жерде жатыр екен, бізді ымдап шақырып алды. Кейін ер адамдар мен әйелдерді бөліп, жатақханаларға алып барды. Артынша, бізді, ер адамдарды атысқа дайындалатын жерге жеткізді. Бізге дін жолында, Алла үшін өлу мақсатын үйретті. ДАИШ құрамындағы адамдар қаруды жинауды, пайдалануды көрсетті", - дейді ол.  

Диастың айтуынша, ол жанындағы автоматтың даусын алғаш рет естігенде қорқыныштан аяғы жүрмей қалған. Ал Сириядағы дайындығы үш айға созылыпты. Дайындық кезінде жатақханада тұрған, кейін отбасымен қосылғанын айтады.  

"ДАИШ-тың ішінде топтар көп, біз шешен жамағатынан құралған топқа қосылдық. Соғыстарға қатыстық. Кейін қазақ жамағатына ауыстық. Мен барғанда қазақтардың көбі қаза тапқан екен. Қазақтар аз болды", - дейді Диас.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир