Алимент төлеуді қамтамасыз ету үшін борышкерлерді жұмысқа орналастыру қажет
Алматыда сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу туралы 14 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай статистиканы Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Оның айтуынша, алиментті өндіріп алу әлеуметтік маңызды санатқа жатады және ол ведомствоның ерекше бақылауында.
Абай Арап алимент деген бір адамның оны алуға құқығы бар екінші тұлғаға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қамтамасыз етуі екенін айтты.
«Алимент өндіріп алу туралы 14 мың атқарушылық істің 60% - дан астамы мерзімді өндіріп алуда, яғни сот орындаушылары «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 93-бабының негізінде алимент бойынша ұстап қалуды борышкердің жалақысынан жүргізеді», - деді А.Арап.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша, борышкерлер алиментті өз бетінше төлейтін атқарушылық іс жүргізулер де бар.
Алайда, сот шешімдерін, соның ішінде алимент бойынша шешімдерді орындау көптеген қиындықтармен байланысты, мысалы, борышкердің қолма-қол ақшасының болмауы, жауапкердің тұрғылықты жерін белгілемеу, тұрақты жұмыс орнының болмауы, өндіріп алуға болатын мүлік және т.б.
Алимент төлеуді қамтамасыз ету үшін борышкерлерді жұмысқа орналастыру қажет.
Сондықтан жұмыс істемейтін борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін Департамент жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.
«2022 жылы алимент бойынша борышкерлер үшін Республикалық БАҚ-тың қатысуымен 4 Бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 320 жұмыс орнына ашық бос жұмыс орындары бар 15-тен астам ірі компания (мысалы, Forte Bank, Sulpak, Helios, Рамс Қазақстан және т.б.) шақырылды. Жұмыс әртүрлі бағыттар бойынша ұсынылды, соның ішінде бухгалтер, экономист, күзетші, жүргізуші, құрылысшы және жалақысы 150 000 теңгеден асатын басқа да кәсіптер. Жалпы, қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін шамамен 2,2 млрд.теңге бөлінді», - деп хабарлады А.Арап.
Осы жұмыстың қорытындысы бойынша 2022 жылы 83 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Борышкерлерді жұмысқа орналастыру жұмыстары азаматтарды жеке қабылдағаннан кейін де жүргізіледі.
Атқарушылық іс жүргізу бойынша С.азаматынан С. азаматының пайдасына 1/3 бөлік мөлшерінде кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы борышкерге 2,5 млн. теңгеден астам сомада берешек қалыптасты.
Жылжымалы және жылжымайтын мүлік АІЖО ААЖ дерекқорына сәйкес борышкерге тіркелмеген, ай сайынғы төлемдер аударылмайды және берешек өтелмейді.
Осыған байланысты, ЖСО халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы борышкерді жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылданды. Одан ары сот орындаушысы алимент төлемдерін өтеу есебінен борышкердің жалақысынан өндіріп алатын болады.
Сондай-ақ, Атқарушылық іс жүргізу бойынша Ш. азаматтан Ш. азаматының пайдасына 1/3 бөлік мөлшерінде кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы борышкерге 2 млн. теңгеден астам сомада берешек қалыптасты.
Борышкердің мүлкі мен жұмыс орны болмауына байланысты борышкерді халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылданды.
Әділет департаментінің басшысы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңда сот орындаушысының және сот актісінің талаптарын орындамайтын борышкерлердің әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы көзделгенін еске салды.
2022 жылы Әділет департаменті 141 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, 81 әкімшілік қамауға алу 5 тәулікке дейін қолданылды. Алимент бойынша 4 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сот орындаушыларының 4 ұсынысы анықтау органдарының қарауында.
Алимент өндіріп алу бойынша барлық қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, борышкерлер 50 млн.теңгеден астам берешек төледі, осылайша Департамент сот актілерін орындау жөніндегі міндеттерді шешіп, алдағы уақытта да істердің әлеуметтік маңызды санаттарын нақты орындау үшін жұмыс істейтін болады.
Берешегі, мүлкі бар борышкер болған жағдайда сот орындаушылары оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды.
2022 жылы сот орындаушылары берешекті өтеу есебінен 3 жылжымайтын мүлік, 7 жылжымалы мүлік сатты, сол арқылы 20 млн.теңгеден астам берешек өтелді.
2022 жылы 50-ден астам отбасы қайта қосылып, алимент төлеу мәселесі жойылды. Сонымен қатар, алимент өндірісін нақты орындау және борышкерлер мен өндіріп алушылар арасында ымыраға келу үшін сот орындаушылары көбінесе медиаторлардың көмегіне жүгінеді. 2022 жылы 116 бітімгершілік келісім жасалды.