|
11.06.2019 | 11:56
3432

Павлодар облысында аллергияны қоздыратын арамшөптерге қарсы күрес жүргізілуде

Өңір басшысы зиянсыз көрінгенмен, ол шөптердің қаншама проблема тудыратынын айтты

Павлодар облысында аллергияны қоздыратын арамшөптерге қарсы күрес жүргізілуде фото Валерия Бугаева

Ертіс өңірінде көптеген адамдарда аллергияның пайда болуының себепкері - циклахенаның өсуіне қатысты мәселені шешу жолы қолға алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы көшпелі кеңесте өңір басшысы Болат Бақауов мәлімдеді. Ол өз сөзінде сырттай бір қарағанда зиянсыз көрінетін шөптің қаншама проблема тудыратынын атап өтті.

«Біздің мамандарымыз жусан мен терек сияқты, циклахенаға да жазда көптеген Павлодардың тұрғындарында аллергия пайда болады деген сенімде. Сонымен қатар, ол айналасындағы өсімдіктерді жойып, барлық жаңа алаңдарды басып алады. Сондықтан бұл арамшөппен күресу керек. Әрбір әкім оның ауылының айналасына циклахена өсіп келе жатыр ма екенін анықтауы тиіс. Мәселенің ауқымдылығы туралы білсек, осы өсімдікке қарсы күрестің механизмін де түсінеміз. Республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығында мәселе зерттелген», - деді әкім.

Павлодар облысында циклахена жолдар мен аулалардың дуалдарын бойлай өседі, ал ауыл шаруашылық алаңдарында әзірге табылмаған.

Орталықтың облыстық филиалының басшысы Владимир Панковтың айтуынша, циклахена аумағы облыс бойынша 38 гектардан аспайды. Алайда, павлодарлық биологтар бұл көрсеткіш айтарлықтай көп болуы мүмкін деген пікірде.

«Бұл проблемамен қазір айналысу керек, себебі циклахена адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Бүгін біз циклахенамен күресу технологиясын әзірлеумен айналысудамыз. Ең бастысы, бұл арамшөп тұқымының таралуына жол бермеу үшін оны уақытында шабу немесе қазу керек», - дейді биолог Татьяна Пономарева.

Айта кетерлігі, циклахенамен байланысты мәселені зерттеу кезінде тағы бір жайт анықталды: Павлодар облысында аллергологтар жетіспейді. Бүгінде өңірде тек үш маман жұмыс істейді, ал норматив бойынша 50 мың адамға бір аллерголог тиесілі. Облыс әкімі бұл мәселемен айналысуға уәде берді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир