Әлемде жылына 1,5 миллион адам өзіне қол жұмсап өледі екен
Душанбедегі мәдени мұра және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі Орталық Азия университетінде адамдардың өзіне қол жұмсау оқиғасы бойынша 30 жылға созылған зерттеу нәтижесі жарияланды. Қортындыға сәйкес Азияның өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда суицид жасайтындар саны көп болып шықты, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің оқытушысы Шахназ Савани аталған оқу орнында «Орталық Азиядағы суицид: қауіп мен қорғау факторларын жүйелі зерттеу» тақырыбында лекция оқыды.
Баяндамада атап өтілгендей, әлемде жылына 1,5 миллион адам өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасады екен. Оның 76 пайызы табысы орта және төмен елдерінде жасалса, 60 пайызы Азия елдерінде орын алтын көрінеді.
Зерттеуге сәйкес Орталық Азияда суицид бойынша Қазақстанда алғашқы орында тұр. Көрші өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны 48,1 пайызды құраған.
Мәселен бұл көрсеткіш Түркіменстанда – 15,8 пайыз, Өзбекстанда – 13,6 пайыз, Қырғызстанда – 13,4 пайыз. Тәжікстанда – 7,2 пайыз.
Шахназ Саванидің пікірінше, аймақта халықтың көбі ислам дінін ұстанатынына қарамастан, өз өмірімен қоштасатындардың көрсеткіші төмендемей отыр.