|
21.03.2024 | 14:42
3533

Гүл сыйлап, әуенмен тербеді: Almaty.tv телеарнасы қазақстандықтарды құттықтады

2024 жылы елімізде мереке жаңаша атап өтіледі

Гүл сыйлап, әуенмен тербеді: Almaty.tv телеарнасы қазақстандықтарды құттықтады Almaty.tv

Наурыз мейрамы көктемнің жаршысы ғана емес, жалпыхалықтық мерекеге айналды. Бүгінде ол көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халыққа ортақ мейрам. Ежелгі Наурыз мейрамы дәстүрлер сабақтастығын сақтай отырып, заманауи өмірде үйлесімді көрініс тапты. Әлі де дастарханға жеті түрлі қоспадан дайындалатын наурыз көже пісіріледі. Оның құрамында: ет, су, ұн, май, тары, тұз және сүт бар. Айран немесе қатықпен дәмделетін сорпа тіл үйіреді. 

Тағамның әр компоненті өмірдің жеті қағидасының білдіреді: өсу, сәттілік, бақыт, байлық, денсаулық, даналық және тәңірдің қолдауы. 

Наурыз мейрамы ырымға толы. Қазақта 7 саны ерекше мәнге ие. Наурыз көжедегі жеті өнім бар, дастарханға жайғасқан ақсақалдарға ұсынылған жеті тостаған, мереке күні жеті үйге де баруы керек.

2024 жылы қазақстандықтар Наурызды жаңаша атап өтеді. Наурызнама онкүндігі аясында, яғни 14-23 наурыз аралығында тойланады. Ерекше форматта ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар көпшілік арасында кеңінен насихатталады.

Онкүндіктің әр күнінде қазақ мәдениетінің тереңдігі айтылып, ата-бабадан қалған құндылықтар таныстырылады.  

Әз-Наурыз мейрамын тойлау онкүндіктегі шаралармен шектелмейді. Наурыз айында ел көлемінде түрлі көрме, фестивальдер, әдеби-музыкалық кештер мен кино көрсетілімдерін қоса алғанда, әртүрлі форматтағы 10 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Almaty.tv телеарнасы  осы мерекеге арналған көптеген іс-шараны эфирде көрсетеді. 

Наурыз қарсаңында телеарна қызметкерлері қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, бейбітшілік пен татулық, өрлеу мен өркендеу тіледі. Мегаполистің көшелеріне шығып, қызғалдақ гүл шоқтарын таратты. 

Қала тұрғындары мен қонақтар мұндай ерекше сый құрметке ризашылықтарын білдірді. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир