Алматы полициясы жас түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады

 atpress.kz
atpress.kz
Полиция өкілі жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыдағы жалпы білім беретін мектептерде түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтіп жатыр. Осыған орай мегаполис полициясы жас түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл күнді жақсы көңіл күймен аяқтау өте маңызды. Сондықтан полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған бірқатар шараны қолға алды. Қызметтер мен бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіру, жағдайдың ықтимал өзгерістеріне дер кезінде ден қою үшін біздің бөлімшеде жедел штаб құрылды. Патрульдік жасақтарды орналастыру және профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Сонымен қатар бұл шаралар кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқықбұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Полиция өкілі жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Алматы білім басқармасының мәліметінше, биыл мектепті 16 мыңға жуық түлек аяқтап жатыр. Оның ішінде 433-і «Алтын белгі» аттестатына, 1 392 оқушы үздік аттестатқа үміткер.

Оқи отырыңыз: Биыл «Алтын сапа» премиясы өткізілмейді

Новости партнеров