Қаланы қардан тазалауға 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1652 жұмысшы тартылған
Жұмысын немқұрайлы істегендердің ішінде пәтер иелері коперативтері де бар. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Сондай-ақ қыс маусымы басталғалы «Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу» бабы бойынша 23 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Айыппұл сомасы 1 миллион 800 мың теңгеге жеткен. Айта кету керек, кеше қаланы қардан тазалау жұмыстарына 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1652 жұмысшы тартылған. Нәтижесінде барлығы 1 млн текше метрден көп қар шығарылған.