Түркістан облыстық сотының судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталды

04.02.2020 21:52

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздк комитетінің баспасөз қызметі хабарлады

Almaty.tv

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы сотталушының жазасын жеңілдетуге заңсыз жәрдем көрсеткені үшін қомақты мөлшерде пара алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында күдікті ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады. Комитет таратқан ақпарға сай пара алу фактісі жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.