Медеу әкімшілігі қарияларды мерекесімен құттықтады

Медеу әкімшілігі қарияларды  мерекесімен құттықтады
Мерекелік кеш 50-60 тіпті 70 жыл бірге ақ некеде отауын тіккен ардагерлердің құрметіне арналды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл жан дүниенің жомарттығы мен азаматтықтың кемел шағына деген құрмет.  Осыған орай Медеу аудандық әкімшілігі Алтын тойды еңселеп, жас ұрпаққа үлгі болған қазыналы қарияларымызды  мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қарттарын қадірлеген ел ардақты. Мерекелік кеш 50-60 тіпті 70 жыл бірге ақ некеде отауын тіккен ардагерлердің құрметіне арналды. Жылына бір келетін айтулы күнге орай қарияларымызға сыйлықтар табысталып, құттықтау сөздер айтылды. Қиса ата мен Нұрыш әжей биыл Игілікті тойын тойлауда. Олардың отбасын құрып, үлкен әулет болғанына биыл - 70 жыл толыпты.++++

Бүгінгі күні Медеу ауданында осындай 5 отбасы бар. Солардың бірі, Саят пен Фарида Жансүгіровтердің шаңырақ көтергеніне - 63 жыл. Жыр құлагерінен қалған  текті тұяқ  қазіргі таңда 2 қызынан тараған немере, шөберелерінің қызығын қызықтап жүр.

Новости партнеров