Ақмола облысындағы жол апаты: 95 көлік шығарылып, 10 адам ауруханаға жеткізілді

Ақмола денсаулық сақтау басқармасы
Ақмола денсаулық сақтау басқармасы

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында Астана-Щучинск тасжолында жаппай жол апатына ұшыраған 95 көлік шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ хабарлады.

"3 қаңтарда сағат 23:50-дегі жағдай бойынша Астана-Петропавл автожолында орын алған жол-көлік оқиғасынан 95 автокөлік толықтай шығарылды. Апат салдары жойылып, қисық білеу қалыпқа келтірілді. Жол қызметінің мамандары жолды толықтай тазалады", - деп хабарлады ұлттық оператордың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарллағандай, авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды.

"Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 71 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Олар жылыту пунктіне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тағы 11 адам құтқарылды, оның 10-ы Макинск аудандық ауруханасына жатқызылды.

Щучинск қаласындағы жылыту пунктеріне 20 адам эвакуацияланды. Азаматтар ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Катастрофа медицинасы орталығының филиалының психологтары жұмыс істеуде. Зардап шеккен азаматтарды Астанаға темір жол арқылы жеткізу жоспарлануда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Жаппай жол апаты: Ақмола облысында 40-қа жуық көлік соқтығысты

Новости партнеров