Елімізде қорда жатқан барлық бетперде Қытайға сатылып кеткен

07.02.2020 16:59

Енді өзіміз шетелден маска алуға мәжбүрміз

//egemen.kz/a

Бетперде тапшылығын болдырмас үшін енді еліміз шетелден маска алуға мәжбүр. Ол туралы еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Дияс Ахметшәріп хабарлады. Ал, байланыс операторлары Денсаулық сақтау министрі тарапынан «егер дене қызуыңыз болмаса, бетперде киюдің қажеті жоқ» деген  хабарламаны таратудан жаппай бас тартқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біз бетперде өндірушілері мен дистрибьюторлардың әдепке сай емес мінез-құлқын атап өткіміз келеді. Олар бардық қорларын Қытайға сатқан. Осыған байланысты Үкімет экспортқа тыйым салып отыр. Отандық өндірушілер халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отырғандықтан, біз шетел өндірушілерімен бетперде алу үшін осындай бір жоспар құрып отырмыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Дияс АХМЕТШӘРІП.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін елімізде короновирус анықталған жоқ. 110 адам дене қызуымен ауруханаларға жатқызылып тексерілді. Оның 80-і үйлеріне қайтарылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ухань қаласынан Нұр-Сұлтан, Ташкент және Тюмень қалаларына эвуакацияланған біздің және Белорусь пен Армения  азаматтарының денсаулығы да жақсы екенін айтты.