Алматыда Абай күнін атап өту кімнің бастамасы еді

izi.travel
izi.travel
Әсен Беспаева – еңбек демалысындағы зейнеткер
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін елімізде Абай күні аталып өтеді. 1993 жылы Алматы әкімшілігінің шешімімен Ұлы Абайдың мерейтойын тойлау қарсаңында Абай атындағы Алматы қалалық қоры құрылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қор белсенді қызмет атқарып, жұртшылықтың, әсіресе, шығармашылық зиялы қауымның қолдауына ие болды. Қордың жұмысын Қазақстан Республикасының басшылығы бекітті.

«Бұл қорды шығармашылық зиялы қауым қолдады. 10 тамызда Республика алаңында, Абай ескерткішінің артында ақын-жазушылар, жастар Абай оқуларын ұйымдастыру туралы ұсыныс жасадық. Осы іс-шараға атсалысқандардың барлығын, әсіресе Жазушылар одағының бірінші хатшысы Найманбаев Қалдарбек ағаны үлкен ыстық ықыласпен еске аламын. Сол кездегі қалалық әкімдік төрағасының орынбасары болып жүргендіктен халықтың біртуар перзенті, ағартушы Абай Құнанбайұлына арналған мерекелік шараны ұйымдастыру жұмыстары есімде жақсы сақталып қалды», – деді  Әсен Беспаева.

Бүгін  қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. От тілді, орақ ауызды ақынның өлеңдері, қара сөздері, ғибратты әңгімелері мәңгі халық жүрегінде мәңгі сақталмақ.

Оқи отырыңыз: Абай әндерін британиялық әншілер орындап жүр

Новости партнеров