Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді
фото из открытых источников
7-12 маусым аралығында сайлауға байланысты полиция қызметі түгел күшейтілген режимде жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үкіметте ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сайлау алдында полицейлердің күшейтілген қызмет режиміне көшетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Нұр-Сұлтанда ғана емес, бүкіл ел бойынша қауіпсіздік шарасы ретінде 6 маусымға дейін «Құқық тәртібі» операциясы жүргізіледі. Сосын 7 маусымда бүкіл полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді, өйткені елде сайлау өтеді», – деді ол.
Министр бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздік үшін қабылданғанын жеткізді.
«Бұл біреуден қорғану үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. 8-і – тыныштық күні, үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады, 9-ы сайлау, барлық жерлерде полиция патрульдері жұмыс істейді. 21 мыңнан астам полицей жұмысқа шығады», – деп атап өтті Тұрғымбаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25