"Алматы" телеарнасының операторы Президент грантын иеленді

inform.kz
inform.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Алматы" телеарнасының арнайы техника операторы Байтибаев Диаскен Үсенғалиұлына Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранты берілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттады.

«Жетісу» телеарнасының редакторы Байтарова Сәния Бақытқызына, «Хабар 24» телеарнасының жүргізушісі Бірімжанов Әнуарбек Жәлелұлына және  «Baigenews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Жолмұхаметова Жадыра Ерболқызына берілді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы» өкімге қол қойды.

Телеарна ұжымы әріптесімізді жаңа жетісітігімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді. Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз!

Новости партнеров