Аудан әкімі тікелей эфирде тұрғындары сауалына жауап береді
Бүгін «Алматы» телеарнасындағы «Әкіммен ашық әңгіме» жобасына Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев қонаққа келеді. Әкім тікелей эфир арқылы тұрғындардың сауалына жауап береді. Телебағдарлама кешкі сағат 19.30-да басталады.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкіміне қоятын сауалдарын бір аптадан бері телеарнамыздың ресми сайтына жолдап жатыр. Оқырмандар бүгінде сұрақтарға дауыс беруде. Ең көп дауыс жинаған 5 сауал тікелей эфир кезінде әкімге қойылады. Қалғандарына жазбаша жауап берілмек.
Бүгінге дейін келіп түскен 50-ге жуық сауалдан байқағанымыз, Бостандық ауданының тұрғындарын негізінен жол мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы және көшелерді жарықтандыру секілді мәселелер мазалайды екен.
Аталған сұрақтарға бүгін кешкі сағат 19:30-да «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев өзі жауап береді.
Айта кеткен жөн, әкімге сауалды 30 мамыр сағат 15:00-ге дейін жолдауға болады. Үлгермеген жағдайда тікелей эфир кезінде +7 (727) 334 00 24 байланыс нөміріне қоңырау шалып немесе WhatsApp мессенджеріне (+7 777 046-33-33) хабарлама жібере аласыздар.