|
15.05.2024 | 12:01
491

Суретке беталды түсуге болмайды: Алматыда гүлзарды таптағандарға 73 мың теңге айыппұл салынады

Табиғатқа немқұрай қарайтындарға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Суретке беталды түсуге болмайды: Алматыда гүлзарды таптағандарға 73 мың теңге айыппұл салынады elements.envato.com

Алматыда селфи жасаймын деп гүлдерді таптап, гүлзардың сәнін қашырғандар көбейген. Басым көпшілігі абаттандыру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауап қарастырылғанын білмейді. Әкімдіктегілер заңға сай, өсімдіктерді зақымдаған тұрғындарға 73 мың теңге айыппұл салынатынын еске салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасына сілтеме жасап. 

Алматы өзінің әдемі бақтары мен көз тартатын гүлзарларымен танымал. Жасыл желекке оранған қала қонақтар мен тұрғындары қуантып, еліктіреді. Алайда КТК арнасының ақпаратынша, жайқалған гүлдерді басып, таптап кететіндер қатары көбейген. 

- Адамның санасына және жеке басының тәрбиесіне байланысты. Солай деп ойлаймын. Қоршаған ортамызды ластап, қаншама еңбекке отырғызғанды таптап, жұлады. Түрлі видео түсіреді, - деді қала тұрғыны Әлішер Жандосұлы. 

- Орталық саябақтарға гүл отырғызамыз. Кілемдей етіп, ,ірақ иттерімен келіп, жаздай таптап кетеді. "Саябақта қыдырамыз, саябақ не үшін, қыдыру үшін" дейді. Ал біз сол адамдар үшін, елге жылу сыйлайтын гүлдерден ләззат алса екен дейміз. Біздің еңбегімізді бағаламайды", - деді жұмысшы Жеңісгүл Нұрданбек.

Табиғатқа немқұрай қарайтындарға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ тұрғындардың көбі оны білмейтін сияқты. Сондықтан шенеуніктер айыппұлдың көлемін тағы бір еске салып шықты.

"Әлеуметтік желілерде тіркелген фактілерге байланысты департамент Алматы тұрғындары мен қонақтарын сәндік гүлді көгалдандыруға және қоғамдық орындарға қамқорлық жасауға шақырады. Ведомство қолданыстағы заңнамаға сәйкес, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады", - деді Алматы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Нұркен Ақмырза. 

Атап айтқанда: Жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК; орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 40 АЕК; ірі кәсіпорындар үшін 100 АЕК айыппұл салынады. Қаладағы гүлзарларды ешкім тәулік бойы бақылап отырмайды. Бірақ өсімдіктерді таптап жүргендерді тәртіп сақшылары байқап қалса, 73мың теңге айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир