Тозығы жеткен жедел сатылар. Тас қараңғы көшелер. Жаңартылмаған балалар алаңы. Жауыр болған бұл мәселелер қашан шешімін таппақ? Дәл осындай сұрақтарты Әуезов ауданы тұрғындары әкімдерінің есеп беру кездесуінде қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жұмыстар жасалып жатыр деп сендірген басшылық өткен жылда тындырылған тірліктерді жіпке тізді. 2019 жылдың қорытындысына сәйкес, Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік қазынаға 107 млрд теңгеден астам қаржы құйылған. 13 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын белсенді жұмыс істеп жатыр. Өнеркәсіптік өнімді өндіру көлемі 114 млрд теңгеге дейін өскен. 5,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, қолданысқа 83 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Осылайша, сүрілген 18 ескі үйдің орнына 8 жаңа үй тұрғызылды. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 1 үй пайдалануға берілмек. Бүгінде тұрғындар ауызсумен, табиғи газбен толық қамтамасыз етілген.
Алматы қаласы Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы:
мемлекеттік бюджет кірісі 107,5 млрд тг
13 кәсіпорын
өндіріс көлемі - 114,3 млрд тг
5 505 жаңа жұмыс орны құрылды
83 345,4 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді
2020 жыл
кәріз құрылысы - 12 көше
жоба құны - 334 млн тг