Қазақстанда жаңа визалар пайда болады

14.05.2024 в 17:02

Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді

Қазақстанда жаңа визалар пайда болады. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген министр қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік азаматтарға арналған Neo Nomad Visa - заманауи көшпенділер визасын енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Ол елде ұзақ мерзімді болу құқығын беретінін айтты.

"Бұл шараны жүзеге асырудан күтілетін экономикалық нәтиже жыл сайын 3 миллиард теңгеден асады. Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa жүйесін енгізу механизмі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді", - деді шенеунік.