Екібастұзда 24 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кеткен

12.08.2024 17:02

Жөл-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар жоқ

elements.envato.com

«Богатырь» компаниясының 24 кеншісі мінген автобус жол жиегіне аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ.

«Екібастұз қаласында жүргізуші ЖШС-нің бірінің аумағында ПАЗ автобусын жүргізе отырып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылды. Автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері болды. ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ, сол жерде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.