Алматыда тағы да жылу құбыры жарылды

15.10.2019 17:03

Апат Райымбек көшесінің бойында «Максима» сауда үйінің артында болған

МИА «Казинформ»

Алматыда тағы да құбыр жарылды. Апат Райымбек көшесінің бойында «Максима» сауда үйінің артында болған, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» өкілдерінің хабарлауынша, қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шегушілер жоқ. 1997 жылы пайдалануға берілген диаметрі 500 мм құбыр қысымға шыдамаған. Куәгерлердің түсіріп алған бейнетаспасынан судың бірнеше метр биіктікке көтеріліп, атқылап жатқанын байқауға болады.

Айта кетейік, кеше де жылу құбыры жарылып, бір адам күйіп қалған еді.