Алакөлге лас су ағызған қонақүй жабылуы мүмкін

 «Казинформ»
«Казинформ»
Ролик авторы бұл келеңсіз жайттың Ақши ауылында болғанын айтқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бүгінде қоршаған ортаға келтірілген зиян көлемі есептеліп жатқанын және Алакөлге құбыр арқылы лас су жіберген қонақ үй жұмысын тоқтатуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алакөлге қонақ үйде орналасқан екі бассейн суы еш рұқсатсыз құбыр арқылы құйылып отырған. Заңды өрескел бұзған ғимарат иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, құбырды тез арада демонтаж жасау міндеттелді. Алматы облысының экология департаменті қонақ үйдің жұмысын тоқтату бойынша істі сотқа жолдамақ.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде Алакөлге құбыр арқылы ағып жатқан жаман әрі күмәнді судың видеосы жарияланып, бұл елдің ашуын туғызған еді. Ролик авторы бұл келеңсіз жайттың Ақши ауылында болғанын айтқан.

Новости партнеров