Теңге жабыстырылған шапан киген қария желіде жұлдыз болды

Ерекше шапанға ие болған қонақ мейрамхана ішінде жүріп өтіп, барша меймандарға өзінің сыйын көрсетіп шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желіде қазақ тойларының біріндегі шапан жабу салтының видеосы тарап, қызу талқыға түсті. Той иелері сыйлы қонағына әдеттегідей ою-өрнектермен көмкерілген емес, теңге жабыстырылған ерекше шапан жапқан, деп жазады ernur.kz.

Ғаламтор кеңістігінде тараған бейнежазбадан қызықты жағдай қазақ тойларының бірінде болғаның аңғаруға болады.

Видеода тойда ер кісіге теңге жабыстырылған клеенка шапан жабылды.

Мұндайды тойдың ортасында жүрген асабаның өзі де көрмесе керек, таңданысын жасыра алмай қалады. «Басқа-басқа, мынау үйде қалатын шапан» деп әзілдеді асаба.

Ерекше шапанға ие болған қонақ мейрамхана ішінде жүріп өтіп, барша меймандарға өзінің сыйын көрсетіп шықты.

Ерекше шапанға қатысты желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі той иелерінің асқан тапқырлығына тәнті болып жатса, енді бірі оларды ата салтты бұзды деп сынға алған.

Новости партнеров